Қазақстан Өзбекстанның сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне кірді

23 Тамыз 2023, 14:16 802

Қазақстан биылғы жылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның негізгі сыртқы сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ӨР Статистика агенттігінің мәліметінше, жылдың қаңтар-шілде айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 34,9 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3% көп.

Елдің басты сауда серіктесі Қытай болып қала береді. Елдер арасындағы айналым 6 6,9 млрд долларды құрады (жалпы көлемнің 19,7%-ы). Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Ресей тұр – 5 5,3 млрд доллар (15,1%). Өзбекстанмен тауар айналымы бойынша көшбасшы елдер «үштігіне» Қазақстан да кірді – 2,49 млрд доллар (7,1%).

Жалпы тауар айналымы құрылымында Өзбекстан Қазақстанға 807,7 млн долларға тауар экспорттады, ал импорт 1 1682,7 млн долларды құрады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: