Қазақстан Өзбекстанмен бірігіп 2034 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті

22 Шілде 2023, 07:32 1446

Ыстықкөлде 18 шілде күні Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан мен Өзбекстан футбол қауымдастығы басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов, ҚФО президенті Медербек Сыдықов, Түрікменстан футбол федерациясының президенті Арслан Айназаров пен Өзбекстан футбол қауымдастығының вице-президенті Равшан Ирматов қатысты. Жиын барысында Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп, 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу туралы ұсыныс тасталды.

Екі мемлекеттің достығы соңғы жылдары жаңа деңгейге көтеріле бастады. Ұлттық құрамаларымыз жолдастық кездесулер өткізіп жүр. Енді 2034 жылғы әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге ұсыныс берсек дұрыс еді, - деді Әділет Барменқұлов.
Перизат Саденова
Бөлісу: