Қазақстан IT-қызметтердің халықаралық нарығын сенімді түрде жаулап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандық әзірлемелер қазірдің өзінде 86 шет мемлекетке экспортталады. Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур. 2024 жылы табыс $300 млн-нан асты. Сонымен қатар біздің еліміз венчурлық мәмілелердің көлемі бойынша көшбасшы саналады. Мысалы, өткен жылы олардың сомасы $80 млн-ды құрады. Маңызды инвестициялар CITIX, Hero's Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялардан тартылды. Бүгінгі таңда олардың кейбірінің құны $100 млн-ға жетті.
Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамытуда IT-хаб маңызды рөл атқарады. Арнаулы алаңдарда түрлі акселерациялық бағдарламалар өткізіледі, жетекші сарапшылар мен инвесторлар тартылады. Осылайша, коммерциялық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.