Қазақстан Орталық Азияда ең бай елдің қатарына енді

6 Мамыр, 11:30 653

Global Finance әлемдегі ең кедей елдер рейтингін жариялады. Рейтинг бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы көршілері арасында ең төменгі – 128-ші орында. Осылайша Қазақстан Орталық Азия республикалары арасында ең бай ел деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық Азия республикаларынан Қазақстанға ең жақын орналасқан Түрікменстан 101-ші орында тұр. Өзбекстан мен Қырғызстан сәйкесінше 67-ші және 48-ші орында. Рейтингтегі Орталық Азия елдерінің ішіндегі ең кедейі-43-ші орында тұрған Тәжікстан.

Қазақстан бұл рейтингте әлемде кедейлік деңгейі бойынша 98 және 113-орындарда тұрған Әзербайжан мен Қытайдан алда тұр. Бірақ бауырлас Түркия Қазақстанды басып озып, рейтингте 140-орынға жайғасты.

Рейтингке сәйкес әлемдегі ең кедей елдердің бірі Оңтүстік Судан 2011 жылы құрылғаннан бері зорлық-зомбылыққа ұшырады. Әлеуметтік келіспеушіліктер, теңсіздіктер, сыбайлас жемқорлық пен соғыстар жағдайды жақсартпайды. Биылғы жылы 9 миллионға жуық адам, Оңтүстік Судан халқының 60% - дан астамы гуманитарлық көмекке мұқтаж болды.

Теңізге шыға алмайтын кішкентай Бурунди ең кедей елдер рейтингісінде екінші орында. Елде табиғи ресурстар қоры жоқ және ел 1993 жылдан 2005 жылға дейін созылған азаматтық соғыстан зардап шекті.

Үшінші орында Орталық Африка Республикасы орналасқан. Бұл ел алтынға, мұнайға, уранға және гауһарға бай болғанымен қандай да бір себептермен ең кедей елдер қатарында.

Әлемдегі ең кедей елдердің ондығына Конго Демократиялық Республикасы, Мозамбик, Нигер, Малави, Либерия, Мадагаскар және Йемен де кірді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: