Қазақстан Олимпиадаға тағы екі жолдама жеңіп алды

19 Сәуір, 13:25 7680

Каноэ мен байдаркада ескек есуден Жапонияда өтіп жатқан Азия чемпионатында Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, қазақстандық WС2 дуэт каноэмен 500 метр қашықтықта чемпион атанды.

Бұған дейін Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров та Олимпиада жолдамасын иеленген болатын. Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста финалға шығып, қарсылас шақ келтірген жоқ.

Сондай-ақ каноэмен 500 метрге жарыста Ульяна Кисилева сосын, байдаркамен жарыста Ольга Шмелева Ольга мен Ирина Подойникова Ирина жұбы (500 метр) күміс жүлдегер атанды. Осылайша олар Париждегі ойындарға жолдама ала алмады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: