Қазақстан нысана көздеушілері Катарда жаттығу жиынын бастады

25 Сәуір, 21:42 804

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Катардың Доха қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқу-жаттығу жиынына 49 спортшы қатысып жатыр. Жиынның басты мақсаты – Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін рейтингілік әлем кубогі кезеңіне дайындалу болып отыр. 

Сондай-ақ, жиын барысында команда бапкерлері Рио-де-Жанейрода өткен әлем кубогі кезеңін қорытындылады.

Айта кетелік, аталған сында ең жоғарғы нәтижені Елизавета Безрукова, Консатинтин Малиновский, Валерий Рахымжан көрсетті. Олар 5-орыннан көрінген. Ал Дохадағы жаттығу жиыны 30 сәуірге дейін жалғасады.

Перизат Саденова
Бөлісу: