Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

30 Шілде, 05:35 501

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы мәселелерін, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.

Министрлік хабарлауынша, екі тарап бұдан басқа аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен сапарлар кестесі бойынша, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы консультативтік кездесуіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Перизат Саденова
Бөлісу: