Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

8 Шілде, 18:45 690

Премьер-министр орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, келіссөздер барысында тараптар қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады. Соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы халықаралық іс-шаралар кестесі сөз болды.

Мұрат Нұртілеу түрікмен әріптесін Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндерінің сәтті өтуімен, сондай-ақ Астанада түрікмен ойшылы және ақыны Махтумкули Фрагиға ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: