25.07.2024
13:17
2013
Қазақстан мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларға жетті

Қазақстан мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы 113,3 млн долларға жетті

Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесу өткізді. 

Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы $113,3 млн-ға тең болды. 

Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы автомобиль жүк-жолаушылар көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды.

Кешенді күрделі жөндеу шеңберінде өткізу пунктінің қолданыстағы шекараларында кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру АӨП өткізу қабілетін жақсартуға және сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.