Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінді

10 Ақпан 2023, 21:00 1763

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні Алматы уақытымен 18.35-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.8. MPV магнитудасы – 4.4. Эпицентр координаттары – 49.06° с.е. 85.45° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ»,- делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: