«Қазақстан мен Ресей шекарашылары қақтығысты»: жалған видео авторы ұсталды

20 Қыркүйек 2023, 13:24 705

Полиция Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған бейненің авторын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде Қостанай облысының шекарасындағы әскери қызметшілердің қақтығысы туралы түсіндірмесі бар әскери көлік колоннасының видеосы таратылды. Белгілі болғандай, бейне «жалған» болып шықты.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қасақана әрекет жасағаны үшін кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша «бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген мәліметте. 

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін және азаматтарды мәліметтерді таратпас бұрын олардың дұрыстығын тексеруге шақырды.

Бұл қауесеттерге бой алдырмау және нақты емес оқиғалардың айналасында дүрбелең туғызбау керек.

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: