22.04.2025
10:16
1282
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер асты дүмпулерін төтенше жағдайлар министрлігі ҰБТКМ сейсмикалық станциялар желісі 22 сәуірде сағат 06:30-да тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым жерде орналасқан, – делінген хабарламада.