Қазақстан мен Қытай қазақстандықтардың оқуы үшін гранттарды ұлғайту мәселесін талқылады

26 Желтоқсан 2023, 03:48 1158

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қытай Халық Республикасы Білім министрінің орынбасары Сунь Яоның кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында университетаралық серіктестікті дамыту, екі ел студенттерінің академиялық білім алмасуы, қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, университет филиалдарын ашу сияқты ынтымақтастықты одан әрі дамыту сынды маңызды тақырыптар көтерілді.

Сондай-ақ, Қытайдың Қазақстандағы жетекші университеттері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бірлескен қазақ-қытай ғылыми орталығын құру, жаңа Лу-Бан семинарларын ашу және қытай тілінде оқытушылар даярлау ісі нақтыланды.

Министр өз кезегінде қытайлық əріптесіне қазақстандық жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы шетелдік университеттердің филиалдары мен Қытайдағы тəжірибе орталықтарының ашылуына жан-жақты тоқталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: