Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан басталады? СІМ жауап берді

29 Мамыр 2023, 17:20 2068

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен арадағы жеңілдетілген визасыз режимді енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Менің ойымша, бұл процесс 2-3 айда болу мүмкін. Біз өз тарапымыздан, Қазақстан тарапынан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз. Мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау керек. Біздің тараптан осы келісімді бекіту туралы Үкіметтің қаулысын қабылдау қажет. Қаулыны қабылдауға біраз уақыт керек, - дейді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған сапары аясында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге" келген.

Алмас Абылай
Бөлісу: