Қазақстан мен Қырғызстанның Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

3 Ақпан, 19:01 1023

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесу кезінде көрші елдің Сыртқы істер министрі Қазақстан тарапына алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметіше, сұхбат барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бішкек қаласының ЖЭО-ға қатысты жағдайды реттеуге жәрдемдесуді үйлестіру бойынша екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Осыған байланысты Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЖЭО жұмысын қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ Қазақстанның Жамбыл МАЭС-пен электр энергиясын жеткізу көлемін ұлғайтуға байланысты мәселені жедел шешкені үшін алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: