Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бизнес-форумында коммерциялық келісімдерге қол қойылды

3 Желтоқсан, 20:24 284

Бішкектегі Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумында $8,2 млн коммерциялық келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 1-3 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық экспорттаушылардың сауда-экономикалық миссиясы өтті.

Миссия аясында түрлі салаларды қамтитын 30 қазақстандық компания қырғыз әріптестерімен В2В форматында келіссөз жүргізді. 2 желтоқсанда Бішкекте Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесі қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналған Қазақстан–Қырғызстан бизнес-форумы өтті.

Форум жұмысына Қазақстан мен Қырғызстанның 80 компаниясының өкілдері қатысты. Форум бағдарламасына B2B кездесулері, сондай-ақ келісімдерге қол қою рәсімі кірді. СЭМ мен форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы $8,2 млн-нан астам 7 коммерциялық келісімге қол қойылды, бұл екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін маңызды қадам болды.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды, сондай-ақ іс-шараға бизнес және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

EL.KZ
Бөлісу: