02.11.2022
09:47
1906
Қазақстан мен Молдова арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Қазақстан мен Молдова арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Молдова Республикасы Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Руслан Болбочанмен келлісөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылын талқылады. Сонымен қатар дипломаттар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтауларымен алмасты.