Қазақстан мен Корея сейсмикаға төзімді ғимарат салуға уағдаласты

10 Наурыз 2023, 19:43 1336

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Корея Республикасының Азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институты, Назарбаев университеті, сондай-ақ Қазақстанның республикалық жобалаушылар одағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл орайда аталған шетелдік ұйым Корея Республикасында ауылды және қалалық жердегі инфрақұрылымды дамытып, ақылды әрі сейсмикаға төзімді ғимараттар салу саласында көшбасшылардың бірі болып саналатынын айта кетейік. Кездесу барысында институттың президенті Ким Бен Сук жоғарыда айтылған бағытта екі елдің ғылыми қауымдастығының арасында тығыз байланыс орнатылса деген ниетін жеткізді.

Өз кезегінде ҚР ИИДМ басшысының орынбасары Ілияс Оспанов бұл меморандумның Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуда маңызды екенін айтты. Себебі еліміздің аумағы үлкен және климаттық жағдай алуан түрлі болғандықтан белгілі бір құрылыс нормалары мен талаптарды сақтау қажет.

EL.KZ
Бөлісу: