Қазақстан мен Испания стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті

17 Желтоқсан 2022, 18:45 2141

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасқа 30 жыл

Испания астанасында екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті, жетінші рет өткізілген саяси консультациялар аясында Қазақстан-Испания стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен тереңдету перспективалары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Испанияның Сыртқы және жаһандық істер жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Анхелес Морено Бау тең төрағалық еткен саяси консультациялардың негізгі тақырыптары саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелер, гуманитарлық блок, құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Қазақстанның Еуропалық одақпен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. ЕО-дағы төрағалық келесі жылдың екінші жартысында Испанияға өтеді.

Атап өтетін жайт, консультациялар Қазақстан мен Испания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы аясында өтті. Осы уақыт ішінде екіжақты қарым-қатынаста үлкен ілгерілеушілікке қол жеткізілді, мұны жоғары деңгейдегі тұрақты сапарлармен алмасу, ынтымақтастықтың берік шарт-құқықтық негізі (23 құжаттан тұрады, оның 13-і үкіметаралық шарттар мен келісімдер), екіжақты сауда көлемін бірнеше есеге арттыру және халықаралық құрылымдар шеңберінде өзара қолдаудың белгіленген тетігімен растауға болады.

Консультациялар нәтижесінде тараптар саяси консультациялар тетігі аясында тұрақты диалогты қолдаудың маңыздылығы туралы, сондай-ақ ең жоғары және жоғары деңгейде байланыстарды жандандыру туралы келісімге келді. Атап айтқанда, Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбарестің 2023 жылы Астанаға ресми сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

EL.KZ
Бөлісу: