Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Еліміздің премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен кездесті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Тараптар Қазақстанның әуе көлігін дамыту, әуежайларды жаңғырту және халықаралық стандарттарға сай авиациялық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін талқылады.
Олжас Бектенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар нәтижесінде саланың ICAO стандарттарына сәйкестігі 47%-дан 82%-ға дейін артқанын атап өтті. Бұл Еуропа елдерімен әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Сальваторе Шаккитано Қазақстанда соңғы жылдары авиация саласында айтарлықтай ілгерілеу болғанын айтып, ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін білдірді. Оның айтуынша, ICAO тұрақты даму мақсаттары аясында экологиялық таза авиациялық отынды пайдалану бойынша да бірлесіп жұмыс істеуге дайын.
Кездесу қорытындысында тараптар серіктестікті жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары