Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Германияның көпқырлы ынтымақтастығын жаңа белеске көтереді деп сенемін. Себебі елдеріміздің арасында өзара сенім бар, берік достық қатынастар орнаған. Біз жаңа ғана шағын құрамда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселесін талқыладық. Сауда, экономика, инвестиция саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше назар аудардық. Бұдан бөлек өзекті халықаралық мәселелер туралы сөз қозғадық. Әсіресе, қазіргі геосаяси ахуалға, жаһандық қауіпсіздікке, аймақтық дамуға, климаттың өзгеруіне қатысты пікір алмастық. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы байланыстарға тоқтадық. Екіжақты қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер оның аясын кеңейте түсуге ықпал етеді деп сенемін, - деді президент.
Бұған дейін Қазақстанға ресми сапармен келген Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцті «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.