Қазақстан мен Финляндия құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда

20 Тамыз, 03:36 346

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Республикасының Әділет канцлері Туомас Пөүстимен кездесу өткізді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Әділет канцлерінің құқықтық мәртебесі – Финляндия Конституциясымен анықталған және ол заңдылықтың сақталуын қадағалау саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға.

Қазақ дипломаты Финляндия еліміздің Солтүстік Еуропа өңіріндегі маңызды серіктесі болып табылатынын және Қазақстан ынтымақтастықтың барлық векторлары бойынша өзара іс-қимылды одан әрі арттыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар құқықтық мәселелердің кең ауқымын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің одан әрі дамуы мен заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған ірі реформаларына ерекше назар аударылды.

Финляндияның Әділет канцлері Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды және Мемлекет басшысының елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді дамытуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Финляндияның сот жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып, қазақстандық әріптестерімен осы саладағы тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.

Перизат Саденова
Бөлісу: