Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету бойынша кездесу өткізді

27 Қаңтар, 23:19 1033

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесуі өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: