Люксембургке жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық инвестициялық банктің Вице-президенті Тереза Червинскаямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келіссөздер барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымын, әсіресе Қазақстанда инвестициялық және технологиялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.
ҚР СІМ басшысы Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) қаражатын тартуға және Астанада өз өкілдігін тезірек ашуға мүдделі екенін атап өтті, бұл инвестициялық портфельді және Банктің өңірде болуын едәуір кеңейте алады. Ол сондай-ақ ЕИБ-ті «жасыл» қаржыландыру және Астана халықаралық қаржы орталығымен бірге инновациялармен алмасу саласындағы тығыз ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруға шақырды.
Тараптар арнайы жұмыс тобын құру және егжей-тегжейлі инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасын әзірлеу туралы уағдаласты.