25.02.2023
16:38
1055
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Әзербайжанның Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ-не сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар көпжақты платформалар, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және тағы басқа ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар сондай-ақ Баку қаласында саммит форматында өтетін COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Қосылмау қозғалысы байланыс тобының отырысын, Түркістан қаласындағы 10-шы ТМҰ саммитін, Нуакшот қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.

Дипломаттар ынтымақтастықтың көпжақты форматтар шеңберінде тығыз байланыста болуға келісті.