Қазақстан кубогы: Суперфиналға тікелей жолдама алған таеквондошылар анықталды

16 Шілде 2023, 01:17 1166

Түркістан қаласындағы Олимпиада орталығында таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Екінші жарыс күні 4 салмақта үздіктер іріктеліп, ұлттық құраманың 4 спортшысы Қазақстан кубогының Суперфиналына шығып, кішігірім басымдыққа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Мария Севостьянова (57 кг) финалда Ясмина Нарбаеваны ұтты. Бұл салмақта ширек финалға шыққандар: Ясмина Нарбаева (Шымкент), Альмира Қанат (Маңғыстау), Айша Әділбекқызы (Астана), Аружан Тілеужанова (Алматы облысы), Жәния Әмірхан (Қызылорда), Арайлым Арапбай (Маңғыстау), Наргиз Сейсенғалиева (Атырау);

Дәл осылай Нұрай Құсайынова (67 кг) бүгін өзінің мықты екенін паш етті. Ширек финалдағылар: Жадыра Хайруллина (Атырау), Нурриза Турарова (Қостанай), Назым Махмұтова (Түркістан), Виктория Бакирова (Қарағанды), Жанель Асқарова (Ақтөбе), Айғаным Дүйсен (Жамбыл);

Оқи отырыңыз:

Алматылық Нұрбек Ғазез (63 кг) бүгін өз салмағын ешкімге бермей, Азия ойындарына баруға дайын екенін тағы бір рет дәлелдеді. Ертең ол мына 7 таеквондошының бірімен жалғыз жолдаманы сарапқа салады: Елжан Елшібай (Алматы), Мейіржан Абдулла (Алматы), Жарас Әлімжанов (Алматы облысы), Рахат Рахым (Алматы), Нұрдәулет Темірбай (Жамбыл), Руслан Харлампиев (Алматы облысы), Ердос Оралбеков (Ақтөбе);

Эльдар Бірімбай (68 кг, Маңғыстау) Суперфиналға тікелей жолдама алды. Ширек финалдағылар: Абдуллах Ахмедов (Шымкент), Дамир Шуленов (Алматы), Әлібек Ермекбай (Ұлытау), Бексұлтан Мұсахан (Алматы облысы), Асылан Рахымбек (Ұлытау), Нұрсат Бақберген (Шымкент), Мақсат Орынбасар (Түркістан);

Осы тұста биылғы бәсеке жаңа жүйе бойынша өтетінін айта кетейік. Енді әр салмақта чемпион атану жеткіліксіз. Әр салмақтағы жеңімпаз тағы 2 күн бойы өз салмағын ұстап тұрып, шешуші күні ширек финалистер арасынан топ жарған спортшымен Суперфиналда кім мықтыны анықтайды. Ал Азия ойындарына сол айқаста басым түскен таеквондошы барады. Бұл жүйе бүгінде осы спорт түрі шыққан Оңтүстік Кореяда бүгінге дейін қолданылады.

Әр салмақтағы ширек финалға өткен 7 таеквондошы жексенбі күндіз өзара күш сынасып, Суперфиналға берілер бір жолдамаға таласады. Ертең аса ауыр салмақтар мен Суперфиналдар өтеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: