Қазақстан – Корея матчы: Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді

Кеше, 23:08 117

Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан – Корея матчында Елена Рыбакина мен Сон Хен Пак шеберлік байқасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы болса, кореялық спортшы рейтингіде 355-орында тұр. Е.Рыбакина 25-те, қарсыласы одан үш жасқа кіші. 

Бірінші партияны Рыбакина 6:2 есебімен аяқтады. Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасады – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты. Бұған дейін Зарина Дияс қарсыласын жеңген.

Зарина Арман
Бөлісу: