11.02.2024
12:50
1510
Қазақстан конькишілері әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Қазақстан конькишілері әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Жапонияның Хатонихе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Командалық жарыста Кристина Шумекова, Мария Деген және Алина Шумекова үштігі қола жүлдегер атанды.

Алғашқы екі орынды Жапония мен Нидерланд құрамаларының спортшылары еншілесе,  Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова, Алина Шумековадан құралған Қазақстан командасы спринттен күміс медаль еншіледі.

Бұл жолы біздің спортшылар Нидерланд құрамасына ғана жол берген. Үздік үштікті канадалық атлеттер түйіндеді.