24.05.2023
03:36
1408
Қазақстан кикбоксингтен Әлем кубогында 61 медаль иеленді

Қазақстан кикбоксингтен Әлем кубогында 61 медаль иеленді

Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында ел құрамасы 20 алтын, 13 күміс, 28 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды. Ал Түркия құрамасы жеңімпаз атанса, өзбекстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты.

Айта кетейік, кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы - Нұрболат Рысмағанбетов.