Қазақстан кибершабуыл жиі жасалатын елдердің қатарына енді

9 Мамыр 2023, 03:16 779

2023 жылы кибершабуылдардың басым бөлігі геосаяси қақтығыстар жиі болатын аймақтарда тіркелген. Бұл туралы РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Лаборатория Касперского» Таяу Шығыс зерттеу орталығының жетекшісі Амин Хасбини бұл қатарда Қазақстан да бар екенін айтты.

Сарапшының сөзіне қарағанда, кибершабуыл жиі жасалатын аймақтарға Таяу Шығыс, Азия, Шығыс Еуропа және Солтүстік Африка елдерімен қатар Өзбекстан, Қазақстан, Беларусь және Ресей сияқты ТМД-ның кейбір елдері кірген.

Амин Хасбини кибершабуылдардың ерекшелігі елге байланысты екенін атап өтті. Мысалы, Қазақстан мен Ресей кибершабуылға осал келеді екен, себебі бұл елдердің пайдаланушылары ескірген Windows 7 операциялық жүйесін пайдаланады.

Берік Арманов
Бөлісу: