Қазақстан Ислам Даму Банкімен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделі

25 Тамыз 2023, 05:28 1095

Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Ислам Даму Банкінің басқарушысы Ә.Қуантыровтың Алматы қаласындағы ИДБ Өңірлік офисінің басшысы Ибрагим Шукримен кездесуі барысында Қазақстандағы ИДБ жұмысының нәтижелері мен одан арғы жұмыс жоспарлары, сондай-ақ Банктің инфрақұрылымды дамыту және еліміздегі исламдық қаржыландыру құралдарын пайдалану жөніндегі ұсыныстары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

И.Шукри ИДБ Орталық Азиядағы жобаларды белсенді түрде іске асырып жатқанын және Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін атап өтті.

«Орталық Азия өңірі қарқынды дамып келеді және айтарлықтай өсу әлеуетіне ие. Біз ИДБ-мен ең маңызды бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз», - деді ҰЭМ басшысы.

Осыған байланысты инфрақұрылым, азық-түлік және су қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты жандандыру ұсынылды.

Берік Арманов
Бөлісу: