19.05.2023
14:01
1686
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша көш бастады

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша көш бастады

 Интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан 11 сатыға жоғары көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Finprom агенттігіне сілтеме жасап.

Еліміз қазіргі кезде 72-орынға тұрақтады. Сөйтіп, ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.

Рейтинг қорытындысы бойынша, Армения – 80-орында, Қырғызстан – 83-орында, Өзбекстан – 104-орында, Беларусь – 126-орында, Тәжікстан –129-орында.

Қазақстандағы интернет жылдамдығы бір жылда 47,9 пайызға артқан. Көрсеткіш 2022 жылдың сәуірінде секундына 20,7 мегабит болса, 2023 жылдың сәуірінде секундына 30,62 мегабитке дейін көбейген. Басқа елдермен салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай байқалады, - делінген хабарламада.
Арменияда жылдамдық секундына 26,25 мегабитті, Қырғызстанда секундына 25,83 мегабитті, Өзбекстан мен Тәжікстанда секундына 20,9 және 11,38 мегабитті құрайды. Орталық Азияда 2022 жылдың соңында "Tele2 Қазақстан-да" көрсеткіш жақсы болған. Мұндағы жылдамдық – секундына 27,25 мегабит.