Қазақстан импорттық кедендік баж салығын уақытша рубльмен аударады

Кеше, 11:45 313

Қазақстан Ресей мен Беларусь Республикасына импорттық кедендік баж салығын уақытша рубльмен аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Өзгерістер уақытша тетікті айқындауға қатысты.

Оған сәйкес Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен есеп айырысу кезінде ұлттық банктер арасындағы АҚШ долларымен есептелген қарсы міндеттемелердегі айырма сомасын тараптар ресей рублімен аударады. Қазақстан, Армения және Қырғызстан үшін импорттық кедендік баждар бұрынғыдай АҚШ долларымен бөлініп, есепке алынатын болады.

Уақытша тетікті енгізуге Ресей және Беларусь елдерімен АҚШ долларымен есеп айырысудан бас тарту себеп болды. Ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне кедендік төлемдердің үздіксіз түсуін қамтамасыз етеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: