14.05.2023
15:12
1488
Қазақстан хоккейшілері бүгін Чехияға қарсы ойнайды

Қазақстан хоккейшілері бүгін Чехияға қарсы ойнайды

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Чехиямен кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Аталған ойын бүгін Астана уақытымен 23:20-да басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасынан көрсетілмек.

Құрамалар В тобында сынға түседі. Аталған топта Канада, Словения, Чехия, Швейцария, Словакия, Латвия командалары өзара мықтыны анықтайды. 

Чехия алғашқы кездесуінде чехиялық құрама Словакияны 3:2 есебімен ұтса, Қазақстан Норвегияны буллитте 4:3 есебімен ұтты.