06.02.2025
22:15
906
Қазақстан Халықаралық автотуризм картасында маңызды орын алды

Қазақстан Халықаралық автотуризм картасында маңызды орын алды

Қазақстан мен Қытайда автотуризмнің танымалдылығы артып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр осы бағытты дамытуға арналған бірнеше халықаралық іс-шара өтті.

«Жібек жолы» автошеруі, Жібек жолы бойынша мототур және «Paris-Peking Motor Challenge» халықаралық іс-шарасы Қазақстанның автотуристері үшін тартымды ел ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал етті. Сондай-ақ инфрақұрылым мен ілеспе қызметтердің дамуын ынталандырады. Осындай бастамалардың нәтижесінде Қазақстан Халықаралық автотуризм картасында маңызды орын алды, - деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ баспасөз конференциясында.