Қазақстан халқының саны қанша

1 Ақпан, 16:22 904

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда халық саны қанша екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіштер бойынша елімізде 20 033 546 адам өмір сүреді.

Бұл дегеніміз – бір жылда қазақстандықтар саны 266 739 адамға көбейді деген сөз.

12 451 004 адам қалада тұрса, 7 582 542 адам ауылдық жерлерді мекендейді.

Халық саны жағынан Алматы көш басында тұр – 2 228 515). Одан кейінгі орындарда Түркістан (2 142 005) мен Алматы облыстары (1 531 044) келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: