«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл бағдарлама бойынша кімдердің конкурсқа қатыса алатынын алға тартты:
Оқи отырыңыз:
Биыл ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және ЖОО-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
* ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
* жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
* мүгедектігі бар азаматтар;
* мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
* 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
* 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
* төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.
Құжаттарды жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.
МАҢЫЗДЫ: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.