Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл

22 Қазан 2022, 11:24 2244

Бұл туралы Президенттің қатысуымен Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім кезінде айтты

Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім кезінде айтты, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілеме жасап.

«Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жақында мен «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілдер – тірлік үшін» деп айттым. Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады. Тіл, ұлтаралық қатынас – ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар. Сондықтан, мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды. Осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл – біздің жол емес», - деді ҚР Президенті.
Бөлісу: