24.04.2024
09:03
1115
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.