03.03.2026
16:35
354
Қазақстан гүлді қайдан тасымалдайды?

Қазақстан гүлді қайдан тасымалдайды?

Ұлттық статистика бюросы елімізге ең көп гүл эскпорттайтын елдердің тізімін жариялады. Былтыр еліміз 77,6 млн АҚШ доллары көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. 

2025 жылы Қазақстанға әлемнің 45 елінен гүл жеткізілген. Соның ішінде 6 219 тонна раушан гүлдері келген. Ал 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған. Негізінен, гүлдерді Эквадордан алдыртқан. Жалпы импортталған гүл көлемінің  4 586 тоннасы (41,9%) осы елден жеткен. 

Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден мипортталады: 

  • Қытай – 2 678 тонна;
  • Нидерланд –1 702 тонна; 
  • Колумбия – 778 тонна;
  • Кения – 739 тонна. 

Жалпы, өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілген. Қазақстанға негізінен 6 219 тонна раушан гүлдері импортталған. 

Гүлді қалай тасымалдайды?

Гүл – халықаралық саудадағы ең нәзік әрі жауапты тауарлардың бірі. Өйткені кесілген гүлдің «өмірі» санаулы күн болған соң, оны бір елден екінші елге жеткізу күрделі процесс. Сол үшін реті келсе ұшақпен тасымалдаған жеңіл. Гүл шоқтарын арнайы фургон немесе рефрижератор көлігімен бүлдірмей жеткізуге болады. Қалай болғанда да қолайлы температура мен ылғалдылық сақталуы тиіс. 

Экспортқа арналған гүлдер көбіне жылыжайда өсіріледі. Жинап, арнайы қорапқа салудың өзі – әжептәуір жұмыс. Ылғалды ұзақ уақыт сақтап тұруы үшін гүлдің сабағын таңертең қияды. Одан кейін сабағын бірден суға салып, алдын ала салқындатады. Көбінесе, қоймада өнім +2…+8°C аралығында сақталады. Импорттаушылар тасымал кезінде де осы режимді сақтауға тырысады. Сабағы үзілген гүлді әдетте 5-10 күн аралығында сатып тастаған дұрыс. Әйтпесе, солып, түсі де айтарлықтай әдемі болмайды.

Гүлдерді сұрыптап, арнайы картон қорапқа салады. Ішіне ылғал сақтайтын материал төсейді. Егер импорттап жатсаңыз, қорап сыртына өнім атауын, сортын, санын, шыққан елі мен партия нөмірін жазыңыз.  Экспорттау кезінде фитосанитарлық бақылау қызметі арнайы құжат сұрауы мүмкін. Кейбір ел қосымша халықаралық сапа стандартын талап етеді.

Гүл тасымалдау өндірісіндегі алпауыттар:

  • Нидерланды – гүл экспорты бойынша әлемдік көшбасшы. Елдегі Aalsmeer гүл аукционы жаһандық сауданың орталығы;
  •  
  • Кения  – Еуропа нарығына раушан жеткізетін негізгі өндірушілердің бірі;
  •  
  • Колумбия – АҚШ нарығына гүл экспорттауда алдыңғы орында;
  •  
  • Эквадор – ұзын сабақты сапалы раушандарымен танымал.