Қазақстан Германияға 100 мың тонна мұнай жеткізеді

31 Наурыз 2023, 15:45 1424

«ҚазТрансОйл» АҚ Германияға тасымалданатын мұнай мөлшерін 100 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр. Ақпан-наурыз айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті, - делінген «ҚазТрансОйл» ақпаратында.

2022-ші жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады

EL.KZ
Бөлісу: