06.04.2023
15:44
2001

Қазақстан футбол құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны анықталды

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте үш сатыға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 112-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді: Словения (1:2) және Даниямен (3:2) ойнады.

ФИФА рейтингі. 6 сәуір 2023 жыл:

1. Аргентина – 1840.93 ұпай

2. Франция – 1838.45

3. Бразилия – 1834.21

4. Бельгия – 1792.53

5. Англия – 1792.43

6. Нидерланд – 1731.23

7. Хорватия – 1730.02

8. Италия – 1713.66

9. Португалия – 1707.22

10. Испания – 1682.85

19. Дания – 1594.53

56. Финляндия – 1405.31

59. Словения – 1398.47

62. Солтүстік Ирландия – 1385.93

111. Кипр – 1179.45

112. Қазақстан – 1177.05

113. Гвинея-Бисау – 1172.3

211. Сан-Марино – 759.12

Рейтингтің толық нұсқасымен ФИФА-ның ресми сайтында танысуға болады.