21.09.2023
15:00
1156
Қазақстан ФИФА рейтингінде үздік 100 құраманың қатарына енді

Қазақстан ФИФА рейтингінде үздік 100 құраманың қатарына енді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлемнің ұлттық құрамаларының рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үздік үштік өзгеріссіз: Аргентина, Франция және Бразилия. Одан кейін Португалия мен Италияның орындары алмасқан.

Өткен рейтингпен салыстырғанда Қазақстан құрамасы төрт сатыға жоғарылап, 100-орынға жайғасты. Айта кетейік, қыркүйекте Магомед Адиев шәкірттері Еуропа чемпионатына іріктеу аясында екі ойын өткізді: Финляндиядан 0:1 есебімен ұтылса, Солтүстік Ирландиядан 1:0 есебімен басым түсті.

21 қыркүйектегі ФИФА рейтингі:

1 (1). Аргентина — 1851.41
2 (2). Франция — 1840.76
3 (3). Бразилия — 1837.61
4 (4). Англия — 1794.34
5 (5). Бельгия — 1792.64
6 (6). Хорватия — 1747.83
7 (7). Нидерланд — 1743.15
8 (9). Португалия — 1728.58
9 (8). Италия — 1727.37
10 (10). Испания — 1710.72
24 (24). Украина — 1538.42
39 (38). Ресей — 1495.53
75 (74). Өзбекстан — 1328.35
79 (78). Грузия — 1299.32
91 (90). Армения — 1254.47
96 (97). Қырғызстан — 1228.60
100 (104). Қазақстан — 1206.94
105 (98). Беларусь — 1198.22
110 (110). Тәжікстан — 1183.01
115 (111). Эстония — 1172.25
121 (121). Әзербайжан — 1147.69
136 (134). Латвия — 1089.99
140 (138). Түрікменстан — 1086.12
143 (144). Литва — 1072.21
159 (164). Молдова — 1010.10.