26.10.2023
16:46
1189
Қазақстан ФИФА рейтингінде Қырғызстанға жақындады

Қазақстан ФИФА рейтингінде Қырғызстанға жақындады

Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада ғана құрамамыз сырт алаңда Финляндияны 1:2 есебімен ұтқан болатын. Осының арқасында ФИФА Қазақстанның рейтингі өсірген. Яғни өткен іріктеуге қарағанда құрамамыз екі сатыға жоғарылап, 98-орынға көтерілді.

Магомед Адиев шәкірттері Мавритания мен Тринидада және Тобагоны артқа тастап, Қырғызстан мен Палестинаға жақындадық.

Алғашқы бестік өзгеріссіз: Аргентина көш бастаса, одан кейінгі орындарға Франция, Бразилия, Англия және Бельгия жайғасқан.