Қазақстан ерлер құрамасы асық атудан Монғолияны жеңді

9 Қыркүйек, 21:42 418

Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында асық атудан Монғолия ұлттық құрамасын 3:0 есебімен жеңіп шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Ұлттық спорт және ат спорты түрлері орталығына» сілтеме жасап.

Қазақстан ерлер құрамасы А тобындағы алғашқы ойынын Монғолия құрамасына қарсы өткізіп, қарсыластарына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, отандық спортшылар 5 кездесудің алғашқысын жеңіспен бастады. Енді Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Испания, Грузия және Мажарстанға қарсы кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы да А тобындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олар Мажарстаннан келген қарсыластарын 3:0 есебімен жеңіп, өз тобында Қырғызстан, Швеция және Румыния әйелдер құрамаларына қарсы ойнайтын болады. 

Дүбірлі додада асық атудан еліміздің намысын 8 спортшы қорғап жатыр: Нуркисса Молжигитов, Жомарт Нурланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында асық атудан сайыстар «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатыр. Финалдық кездесулер 11 қыркүйек күні өтеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: