Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті

13 Мамыр, 23:15 948

Еліміздің Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбековті Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министр, САК Климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Әділ әл-Джубейр қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, М. Меңілбеков Қазақстандағы қазіргі ішкі саяси ахуал туралы хабардар етіп, елдегі және жалпы қоғамдағы маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көздейтін реформаларға ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, Мемлекеттік министр барлық бағыттар бойынша қазақстандық-саудтық өзара ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.

Перизат Саденова
Бөлісу: