Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгария Президенті Румен Радевке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық қызметі СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенім грамоталарын табыстау рәсімінен кейін өткен кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астана екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға, оның ішінде саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және транзит-көліктік өзара әрекеттесуді жандандыруға ерекше мән беретінін хабарлады. Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырды.
Өз кезегінде Р. Радев Қазақстан Болгарияның Орталық Азиядағы ең маңызды және негізгі әріптесі болып табылатынын, сондай-ақ елімізбен өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін хабарлады. Сондай-ақ, Қазақстан Елшісін ресми қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан-Болгария қатынастарын нығайту жолындағы жұмысына табыс тіледі.
Қалыптасқан протоколдық практикаға сәйкес, Болгария Президентіне сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін Елші В. Темірбаев Софиядағы Белгісіз сарбаз ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес