Қазақстан дзюдошылары Моңғолия Гранд Слэмінен жалғыз қола иеленді

25 Маусым 2023, 18:25 758

Ұлан-Батырда дзюдодан аяқталған Гранд Слэм бәсекесін Қазақстан құрамасы жалғыз қола жүлдемен түйіндеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Аталған сынның соңғы жарыс күнінде жүлде үшін күресуге мүмкін алған Әділ Оразбаев шешуші сәтте оңтүстіккореялық Ким Минжонгқа қосымша уақыт кезінде ескертумен есе жіберді. Аса ауыр салмақта күрескен Әділ ширек финалда ресейлік спортшыға есе жіберіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын. 

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының балуандары жүлде үшін күресуге мүмкіндік алғанымен, жеңіске жете алмады. Тек 81 келіде күрескен Абылайхан Жұбаназар ғана қола жүлде иеленді. Сонымен қатар, 60 келіде Нұрқанат Серікбаев қола медаль үшін күресте оңтүстіккореялық Ли Харимнен ұтылса, әйелдер арасында 48 келіде белдескен Ғалия Тынбаева үшінші орын үшін күресте Португалия дзюдошы Коста Караринаға жол берді .

Асқар Таудай
Бөлісу: