08.11.2025
16:42
463
Қазақстан дзюдошылары Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды

Қазақстан дзюдошылары Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды

Қазақстандық дзюдошылар Шерзод Давлатов пен Ержан Еренқайыпов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

60 келіге дейінгі салмақта Давлатов жартылай финалда Мысыр өкілі Махмуд Хуссейнді жеңді.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Еренқайыпов жартылай финалда БАӘ спортшысы Нармандх Баянмухадан басым түсті.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Самалай Ерғалиева үшінші орын үшін белдеседі. Жартылай финалда ол Қырғызстан спортшысы Адина Кочконбаеваға жол берді.