30.11.2025
14:17
394
Қазақстан дзюдошылары Grand Slam-де тек бір жүлде жеңіп алды

Қазақстан дзюдошылары Grand Slam-де тек бір жүлде жеңіп алды

Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Финалдық кезеңге дейін қазақстандық дзюдошылардың ешбірі жете алған жоқ.

30 қарашада Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Марат Байқамұров (100 келіге дейін) және Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) жарыстың бастапқы кезеңінде қарсыластарына жол берді.

Осылайша ұлттық құрама еншісінде бір ғана медаль бар. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге ие болды.